"Алтыналмас" компаниясының "Ақбақай" жерасты тау-кен жұмыстары учаскесінде жазатайым оқиғадан бір жұмысшы қаза болды.

"Алтыналмас" компаниясының өкілдері қайғылы жағдайды растады.

Компания өкілдерінің мәліметінше, марқұм Нұрдәулет Жексенұлы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеген.

2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесарі болып тағайындалған. 

"Алтыналмас АК" АҚ Нұрдәулет Жексенұлының туыстары мен жақындарының, бірге жұмыс істеген әріптестерінің қайғысына ортақтасады", – делінген компанияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.