Төтенше жағдайлар министрлігі 1 сәуір күні сағат 11:14-те жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 308 шақырым жерде орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2.

MPV магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б.

Тереңдігі – 25 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке ауылында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма