ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысының полиция қызметкерлерінің ұсталу фактісін растады.

Бұған дейін желіде аймақтағы екі жоғары лауазымды полицей пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама пайда болған.

"Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімінің бөлім басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде", – деп жазылған мемлекеттік мекеменің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Қосшыда 190 миллион теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды


Антикор тергеу мүддесі үшін жария етпеу туралы бапқа сілтеме жасап, полицияның қамауға алу себебін жарияламады.