Тікелей эфир

Қосшыда 190 миллион теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды

Қаражат электрмен жабдықтау нысандарын салуға арналған.

Қосшыда бюджет қаражатын жымқырды деген екі шенеунік пен бір кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотта анықталғандай, Целиноград ауданы құрылыс бөлімінің басшысы мен "Еңбек Аршалы" РМК филиалының басшысы кәсіпкер – кәсіпорын директорымен келісім-шартқа отырып, 190 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткен.

Шенеуніктер мен кәсіпкер Қосшы елді мекенін электрмен жабдықтау нысандарының құрылысы жобасы бойынша жұмыстардың аяқталғаны және бюджеттік қаражаттың аударылғаны туралы актілерге қол қойды. Олар іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін ақша жымқырған.

Құрылыс бөлімінің басшысы жеті жылға, "Еңбек Аршалы" мекемесінің басшысы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген шығынды ішінара өтеу ескеріліп, кәсіпкерге шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Оқи отырыңыз: "225 миллион теңге иемденді". "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды.


Сотталғандардан мемлекетке келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Серіктестер жаңалықтары