Жамбыл облысында "Бетпақдала" табиғи қаумалы құрылады
Оның аумағы 1,4 миллион гектарды құрайды.Жамбыл облысының Сарысу және Мойынқұм аудандарының аумағында "Бетпақдала" мемлекеттік табиғи қаумалын құру жоспарланып отыр. Оның жалпы алаңы 1415861 гектарды құрайды. Облыс әкімі қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Қаулы жобасына сәйкес, қаумалға Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі жауапты болады. Сондай-ақ, қаумалдың аумағында жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қойылады.
Оқи отырыңыз: Сағымға айналар Сарыторғай
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 6 қарашаға дейін.