ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тергеу нәтижесі бойынша Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.

Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды.

"22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: "Мүфтият қажылық квоталары үшін пара алады". ҚМДБ желідегі айыптауларға ресми жауап берді