2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды тапсырды. Президент әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігін атап өткен болатын, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

"Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарлануда. Қалаларда – 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады. 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.

Жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.


Оқи отырыңыз: "Жайлы мектеп" жобасы: жоспардағы 33 мектеп салынбайтын болды.