Ыстықтан қорғану үшін не істеу керек? Денсаулық сақтау министрлігінің кеңесі
Күннің ең ыстық уақытында – сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін аса қажет болмаса далаға шықпау керек және дене еңебегін қажет ететін істермен айналыспау керек.Денсаулық сақтау министрлігі ыстықтан қорғануға арналған кеңестер ұсынды.
"Шілде – әдетте ең ыстық ай, сондықтан күн сәулесінен қорғану керек. Күннің ең ыстық уақытында – сағат 12-ден 16-ға дейін аса қажет болмаса далаға шықпауға және дене еңебегін қажет ететін істермен айналыспауға тырысыңыз. Көшеге шығып кетсеңіз, көлеңкеде ұзақ болатындай маршрут ойластырыңыз. Ешқандай жағдайда, тіпті балалар мен жануарларды жабық көлікте аз уақытқа да қалдырмаңыз. Анда-санда салқындауға тырысыңыз, күніне екі-үші сағатты салқын жерде өткізіңіз (мысалы, кондиционері бар қоғамдық ғимараттар)", – делінген министрліктің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады? Пайдалы 8 кеңес
Министрлік қатты ыстықтау мен шөлден аулақ болуға шақырды. Жеңіл киіну керек екенін де ескертті.
"Табиғи маталардан, ашық түстерден тігілген жеңіл және кең киім киіңіз, жеңіл баскиімдер, күннен қорғайтын көзілдірік киіп, жаныңызда су бөтелкесін алып жүріңіз. Организмді сусызданудан қорғау үшін үнемі су немесе жылы шай, салқын емес жеміс шырындарын ішу керек", – делінген хабарламада.
Теріге күнге күюге қарсы заттарды жағып, косметиканы көп қолданбаған дұрыс.
"Ыстық ауа райында рационнан майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды алып тастауға тырысыңыз. Мәзірде жеңіл тағамдар– көкөністер, жемістер, қайнатылған немесе бұқтырылған балық, тауық еті, салқын сорпалар болуы керек. Алкогольді (соның ішінде сыраны) тұтыну ұсынылмайды. Құрамында кофеині бар сусындар және ағзадағы метаболикалық процестерді бәсеңдететін сусындар мен газдалған сусындар шөлді қандырмайды", – делінген кеңесте.