Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Оған белсенді волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың басшылары қатыса алады.

Өтінімдер 5-15 мамыр аралығында қабылданса, байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады. Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.

"Бүгінде форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегаттар қатысады деп жоспарланып отыр", – делінген АҚДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: "Жақсы көретінімді жеткізіңізші". Интернет бұғатталғанда еріктілер адамдардың хабар алысуына қалай көмектесті?