Түркияда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

"42 жастағы әйел Анталья қаласында ұсталды. 2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген", – делінген хабарламада.

Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.