USD: 481.9 / 484.5
  • EUR: 549.0 / 554.0
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Ол 2006 жылы көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтірген.

Жамбыл облысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды", – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз