Ашық НҚА порталында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Оған сәйкес, енді "Хабар" агенттігін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыруы мүмкін.

Қаулы жобасының түсіндірме жазбасына сәйкес, бұл бастама жүзеге асса, бұл "Хабар" агенттігінің рейтингін көтеруге, мемлекеттік ақпараттың саясатты іске асыру сапасын арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, агенттіктің коммерциялық кірісі де артады деп болжам жасалған.

"2022 жылғы 13 сәуірдегі № 22-2314 бұрыштамаға сәйкес ҚР президенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамын қаржыландыруына келісімін береді", – делінген қаулы жобасының түсіндірме жазбасында.

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында 2023 жылғы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 


Оқи отырыңыз: