Астана қаласы бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-йорк, Оттава қалаларында республикалық референдум бойынша дауыс беру учаскелері ашылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. 

Айта кетейік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша дауыс берген азаматтардың үлесі 64,43%-ды құрады.

Осы уақытқа дейін 8 029 286 азамат бюллетень алған.