Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша дауыс берген азаматтардың үлесі 64,43%-ды құрады.
Осы уақытқа дейін 8 029 286 азамат бюллетень алған.
Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші төмендегідей:
- Абай облысы – 69,29%
- Ақмола облысы – 71,33%
- Ақтөбе облысы – 77,65%
- Алматы облысы – 68,23%
- Атырау облысы – 64,33%
- Батыс Қазақстан облысы – 60,61%
- Жамбыл облысы – 70,31%
- Жетісу облысы – 68,5%
- Қарағанды облысы – 72,63%
- Қостанай облысы – 70,96%
- Қызылорда облысы – 82,02%
- Маңғыстау облысы – 68,19%
- Павлодар облысы – 68,41%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 60,7%
- Түркістан облысы – 72,39%
- Ұлытау облысы – 66,5%
- Шығыс Қазақстан облысы – 78,98%
- Астана – 47,76%
- Алматы – 28,16%
- Шымкент – 72,61%
"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысса, референдум өтті деп есептеледі.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де жарияланады.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…