Шымкент қаласындағы және Қызылорда мен Атырау облыстарындағы Qazbilim мектептерінде білім алу үшін 420 грант бөлінді. Бұл туралы Qazbilim басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы хабарлады

Гранттар саны: 

Шымкенттегі 2 ұлттық лицей:

  • 100% гранттан  – 100 оқушыға грант;
  • 50% гранттан  – 50 оқушыға грант. 

Қызылорда қаласындағы ұлттық лицей: 

  • 100% гранттан  – 100 оқушыға грант;
  • 50% гранттан  – 50 оқушыға грант. 

Атырау қаласындағы ұлттық лицей: 

  • 100% гранттан  – 20 оқушыға грант;
  • 50% гранттан  – 100 оқушыға грант. 

Қабылдау емтиханы әр мектеп қабырғасында 28 тамызда болады, оған қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. 

"Жеңілдік сұраған ата-аналар мен өтініш айтқан адамдар тым көп болуын ескере отырып, экономикалық мүмкіндіктерімді саралай отырып, мүмкіндігім бар 3 қалаға тағы 420 оқушыға грант беруді жөн көрдім. Тағы дейтінімін оқу жылы соңында 8 қаладағы Qazbilim ұлттық лицейлеріне 300 оқушыға грант берген болатынмын. Екі реттегі берілген гранттың жалпы құны 800 миллион теңгеден асады", – деді Аятжан Ахметжанұлы.


Оқи отырыңыз: Қостанайда ұлттық лицей ашылды