Қазіргі таңда еліміздің 12 қаласында білім ордасының 17 бөлімі жұмыс істеп тұр.
Қостанай қаласында "Qazbilim Qostanay" ұлттық лицейі ашылды. Ашылу салтанатына мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім саласының өкілдері қатысты.
"Қостанай қаласында қазақ тілінде білім беретін ұлттық лицейдің ашылғанына өте қуаныштымын. Аятжан Аяхметжанұлының ел біліміне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстан бойынша ашылып жатқан үш ұлттық лицейдің біреуі біздің өңірде ашылғаны үлкен мәртебе деп білемін", – деді ардагер ұстаз Қалқаман Хасенұлы.

Айсәуле Дүйсебекова ұлттық лицейдің ашылуына қуанышты екенін жеткізді.
"20 жыл көлемінде қазағы аз Қостанай өңірінде қазақы рухты жастарды тәрбиелеуге үлесімді қосып жүрген ұстаздардың бірімін. Қытай, Моңғлиядан, Алтайдың арғы жағынан келген қандас жастардың бойындағы рухты өз өңірімдегі жастардың бойынан көрсем деп армандайтынмын. Сол арманымыз шынға, қиялымыз, түсіміздегі дүниеміз өңімізге ұлттық мектеп болып келіп жатыр", – деді ұстаз Айсәуле Дүйсебекова.
Шара барысында Қалқаман Хасенұлы Qazbilim білім ордасының құрылтайшысы Аятжан Ахметжанұлына шапан жауып, сый-сыяпатын көрсетті.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің 12 қаласында білім ордасының 17 бөлімі жұмыс істеп тұр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-