Қазақстанның үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылды.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, еріген қар суының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

"Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 техника мен 574 маман жұмылдырылды", – делінген хабарламада.