Облыс орталығында Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Әуежайдың ұшу-қону жолағын аэровокзал ғимаратын қайта құру жобасы 2020 жылы жасалған. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әуежай 2008 жылы қолдануға беріліп, содан бері ұшу-қону жолағы күрделі жөнделмеген.

Аудан орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау және т.б. жұмыстар жасалынды.

"Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 2100 метр. Қайта құрудан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. Осылай, модернизациядан кейін Үржар ауылының әуежайында шағын авиациялық ұшақтарды ғана емес, Embraer, Bombardier және т.б. санатындағы ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды", – делінген хабарламада. 

Туристік маусым кезінде "Оңтүстік аспан" авиакомпаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астана қаласына әуе рейстерін ашты. Билеттер бағасы субсидиялау есебінен төмендетілген.

Фото: Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі