
Қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, рейс жолаушылары жалпы санының кемінде 10 пайызы мұқият тексерілуі тиіс.
Астана әуежайының әуе қауіпсіздігі қызметінің тексеру бөлімшесі басшысының орынбасары Абылай Саргозов неліктен әуежайдағы тексеріс кезінде кей жолаушыдан аяқ киімін шешуді талап ететінін түсіндірді. Әуежай өкілінің айтуынша, бұл – қасақана жасалатын рәсім емес, керісінше жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қарастырылған шара.
Қазақстан әуе қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, рейс жолаушылары жалпы санының кемінде 10 пайызы мұқият тексерілуі тиіс. Бұлай іріктеп және кездейсоқ тексеру рәсімдері ICAO халықаралық қауіпсіздік стандарттарында да қарастырылған.
"Әлемдегі барлық әуежай жолаушылардың 10 пайызын автоматты және кездейсоқ түрде анықтайтын рандомайзер функциясы бар доғалы металл детекторларымен жабдықталған. Мәселен, Астана әуежайында рандомайзерлер 2015 жылдан бері қолданылып келеді. Егер тексеру кезінде құрылғы белгі берсе, жолаушы рентген-теледидар қондырғысы арқылы жеке тексеру үшін аяқ киімін шешіп (құрамында металл заттар болмаса да), тексеруден өтуі керек. Сонымен қатар, тексеру қызметкерлері бұл жолаушының қол жүгін мұқият тексеруге міндетті", – деді әуе қауіпсіздігі қызметінің тексеру бөлімшесі басшысының орынбасары Абылай Саргозов.
Оқи отырыңыз: Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады

Әуежай өкілінің айтуынша, мұқият тексеру қасақана жасалатын рәсім емес, керісінше жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қарастырылған шара. Сондықтан жолаушылар асқан түсіністік танытып, тексерумен айналысатын инспекторлардың заңды талаптарын орындауы керек.
"Тексеруден жалтарған жолаушылар "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңға сәйкес тасымалдауға жіберілмейді", – деп қосты Абылай Саргозов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-