ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі "өте құпия" деп танылды
Ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген болатын.ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі "өте құпия" белгісімен жүргізіліп жатыр, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді, деп хабарлады РИА Новости.
"Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловқа (ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасары – ред.) қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Дәулет Ерғожинге (ҰҚК басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары – ред.) қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда", – деп хабарлады ведомствоның сауалына ҰҚК.
Оқи отырыңыз:
- ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталды
- Мәжіліс депутаты Кәрім Мәсімовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Ведомствода қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қарастырылуы мүмкін екенін қосты. Ұсталғандар өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
8 қаңтарда ҰҚК ведоствоның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті ұстағанын хабарлады.