Ерлан Саиров содырлардың сырттан келгенін, қазақша білмейтінін айтты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров ҰҚШҰ әскерлерінің елге кіргізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасы.
"ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда тәртіп орнағаннан кейін ҰҚШҰ ұжымдық күштері еліне қайтады деп айтты. Ұжымдық күштердің өзінің белгілі бір нормасы мен процедурасы бар. Мысалы, 1994-1995 жылдары ұжымдық күштер Тәжікстанда болып, борышын атқарып, жағдай реттелгеннен кейін елдеріне қайтты. Бұл әскери күштер емес, бітімгершілік күштері Қазақстанда жағдай орныққаннан кейін елдеріне қайтады", – деді Ерлан Саиров.
Мәжіліс депутаты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың ұсталуына қатысты да ойын айтты.
"Алматыда сырттан келген содырлар жүр. Алматыда аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасаған. Олар сырттан келген қазақша білмейтін содырлар. Шетелдің 300-ден астам азаматы шекарада ұсталды деген ақпарат келіп жетті, яғни қаншама адам Қазақстанға кірген. Олардың барлығы Қазақстанның ішінде өмір сүріп және белігілі бір жаттығудан өткен. Осының барлығын қалай Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрмеді деген сұрақ туындады. Алматыда әуежайға содырлар келер алдында жарты сағат бұрын бүкіл күзетін "үйлеріне қайтыңдар" деп қоя берген. Яғни, мемлекетімізде белгілі бір қастандық болған. Оны қазір құқық қорғау органдарының өздері анықтап жатыр", – деді ол.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-