ҰҚК 4 өңірде арнайы операция жүргізіп, діни радикалдарды ұстады
Шілдеде Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдар әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шара өткізді.
"Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның төрт азаматы мен бір шетелдікті ұстады және қамауға алды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Заңгерлер, адвокаттар және нотариус: 14 пәтерді заңсыз рәсімдеп алған қылмыстық топ ұсталды
Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынғаны айтылды.
"Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын. Тағы екеуіне қатысты "ауыр" есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр" – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша соталды, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.