Тікелей эфир

Заңгерлер, адвокаттар және нотариус: 14 пәтерді заңсыз рәсімдеп алған қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты

Қарағанды облысында адамдарды қорқыту арқылы 14 пәтерді заңсыз рәсімдеп алған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қылмыстық топтың құрамында заңгерлер, адвокаттар және нотариус болған. Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Осылайша 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген.

"Тінту кезінде әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың көптеген құжаты тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары