Бүгін Астанада өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумына Ұлытау облысынан 30-ға жуық фермер, диқан және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

"Осы айтулы жиында жерлесіміз Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды. Асқар Әлиұлы – Жезқазған қаласында орналасқан "Аяс" шаруа қожалығының басшысы. Қожалықтың негізгі қызмет бағыты – мал шаруашылығы. Асқар Әлиұлы өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысып, жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді", – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Облыс әкімдігінің хабарлап өткендей, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде Асқар Әлиұлы ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі