Ұлыбританияда мыңдаған мейрамхана жабылып жатыр
Мейрамханалардың жабылуына коммуналдық қызмет пен жалға алу құнының қымбаттауы себеп болған.Кәсіпкерлер күн санап өсіп жатқан электр энергиясының ақысын төлеуге қауқарсыз. Дәмхана мен барлардың жалға алу бағасы тым шарықтап кеткен, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Independent басылымы өндірістік шығын көлемі де еңсе көтеруге мүмкіндік бермей отырғаны туралы жазды. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ұлыбританияда күніне кемі 10 компания жұмысын тоқтатып отырған.
Алғаш рет елдегі мейрамханалар саны 100 мыңға дейін төмендеді. Бұдан бөлек, азық-түлік құнының өсуі мен жұмысшы тапшылығы да кәсіпкерлік нысандардың жабылуына әсер еткен.
Оқи отырыңыз: АҚШ-та кәсіп бастау оңай ма? Сан-Францискода мейрамхана ашқан әйелдердің хикаясы