Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды қаланың Спорт басқармасы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше мерекелік іс-шара Алматыдағы бірнеше мұз аренасында ұйымдастырылады.

"Тұрғындар мен қала қонақтары Алматы Арена, Халық Арена және Олимпик мұз аренасы алаңдарында сырғанай алады. Іс-шара 18 наурыз күні сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Келушілер үшін жаппай сырғанау тегін ұйымдастырылады. Қатысудың басты шарты — ұлттық киім киіп келу. Конькиді өзіңізбен бірге алып келуге немесе мұз айдынында жалға алуға мүмкіндік бар", – делінген хабарламада.