Алматыда Назарбаев даңғылында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Фото: Алматының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы
Фото: Алматының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы
Әл-Фарабиден Төле биге дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Алматы қаласында көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты тұрғындарға Назарбаев даңғылы бойында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілетіні туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Алматының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

"Бүгіннен бастап Назарбаев даңғылының әл-Фараби даңғылы мен Төле би көшесі аралығындағы бөлігінде жолдағы құдық қақпақтарын көтеру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты алдағы үш күн бойы қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде арнайы ескерту белгілері орнатылады", – делінген хабарламада.

Қала билігі жүргізушілер мен тұрғындардан жолдағы өзгерістерді ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз