Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері төлейтін жарна мөлшері өзгереді
Бір жылдық жарна мөлшері енді 160 және 4400 АЕК құрайды.Ашық НҚА порталында жарияланған Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасынан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарнаның шекті мөлшері өзгеретіні белгілі болды:
- жылдық жиынтық кірісі 60 мың – 1,5 млн еселенген АЕК аралығындағы кәсіпкерлік субъектілері үшін – 160 АЕК;
- жылдық жиынтық кірісі 1,5 млн еселенген АЕК-тен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 4400 АЕК.
Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері жылдық кіріс мөлшеріне қарай 105 – 3030 АЕК аралығында тоғыз түрлі мөлшерде жарна төлейді. 2023 жылғы жарна мөлшері туралы ақпаратпен осы жерден танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Жаңа заң қабылданды: Бөлшек салық салу тәртібі қандай?
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 7 маусымға дейін.