Үкiмет жанындағы мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі комиссия құрамы жаңарады
Комиссияның жұмыс органы – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет өкімінің жобасына сәйкес, Үкiмет жанындағы мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі комиссия құрамы жаңаратыны белгілі болды.
Жаңа құрамға келесі адамдар енеді:
- Анар Салқынбай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы;
- Құралай Күдеринова, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор;
- Алдан Смайыл, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Кәрімбек Құрманәлиев, Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Комиссия құрамынан Мксим Споткай, Назира Әміржанова, Әділ Ахметов және Мксим Рожин шығарылады.
Оқи отырыңыз: Қазақ тілін қалай ғылым тіліне айналдыруға болады және оған не кедергі? Ғалымдар пікірі
Еске салайық, комиссияның жұмыс органы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі болып бекітілген.
Комиссияның негізгі міндеттері:
- мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- тіл реформасын кешенді іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру және қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту, қолдану аясын кеңейту, үйлесімді тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; - мемлекеттік тілдің халықаралық қарым-қатынастағы рөлі мен орны, шетелде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
- мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Құжат жобасы 5 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылған.