Тікелей эфир

Үкiмет жанындағы мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі комиссия құрамы жаңарады

Комиссияның жұмыс органы – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет өкімінің жобасына сәйкес, Үкiмет жанындағы мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі комиссия құрамы жаңаратыны белгілі болды. 

Жаңа құрамға келесі адамдар енеді: 

  • Анар Салқынбай, әл-Фараби   атындағы  Қазақ  ұлттық   университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  • Құралай Күдеринова, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор;
  • Алдан Смайыл, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Кәрімбек Құрманәлиев, Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор. 

Комиссия құрамынан Мксим Споткай, Назира Әміржанова, Әділ Ахметов және Мксим Рожин шығарылады. 


Оқи отырыңыз: Қазақ тілін қалай ғылым тіліне айналдыруға болады және оған не кедергі? Ғалымдар пікірі


Еске салайық, комиссияның жұмыс органы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі болып бекітілген. 

Комиссияның негізгі міндеттері:

  • мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • тіл реформасын кешенді іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру және қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
    мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту, қолдану аясын кеңейту, үйлесімді тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • мемлекеттік тілдің халықаралық қарым-қатынастағы рөлі мен орны, шетелде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  • мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Құжат жобасы 5 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Серіктестер жаңалықтары