"Үкімет жаңа жылда қазіргі құрамымен жұмыс істей ала ма?" Тоқаевтың сұрағына министрлердің жауабы
Министрлер 2023 жылы да қызметін сақтап қалудан үмітті.Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайыловтан: "Жаңа жылға Үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?" – деп сұраған еді. Осы ретте журналистер министрлердің қызметін жалғастыратыны не жалғастырмайтыны туралы пікірін сұрады.
Қайырбек Өскенбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: – Бағаны мен емес, біз мемлекеттік қызметші ретінде қызмет көрсететін адамдар беруі керек. Сондықтан бағаны халық, тұрғындар береді. Мен жеке өзім дайынмын.
Ерұлан Жамаубаев, Қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары: – Біз әлі де жұмыс істеп жатырмыз. Тиісті нұсқаулар бар, оларды орындап жатырмыз. Ал келесі жылы не болады, қандай өзгерістер болады – ол менің құзыретіме кірмейді. Мен өзімді (2023 жылы министрлер кабинетінде – ред.) көремін.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Смайыловқа: Жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма?
Роман Скляр, Премьер-министрдің бірінші орынбасары: – Мен барынша ашық жауап берейін: иә! Егер маған сенім артса, жеке өзім жаңа жылға кіруге (Үкімет құрамында жұмыс істеуге – ред.) дайынмын.
Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылығы министрі: – Менің ойымша, кез келген министр бұл сұраққа күн сайын жауап беруі керек. Егер ол өз міндетін орындауға дайын болмаса, бірден айтуы керек.
Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдерге: Қолдан келмесе, орынды босатыңыз
Тамара Дүйсенова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Министрлікке оралғаныма жарты жылдан астам уақыт өтті. Біздің алдымызға қойылған басты міндет - Әлеуметтік кодексті мерзімінде аяқтау. Біз мұны қарастырдық. Біз аяқтай алмай жатқан екінші мәселе – зейнетақы төлемдері мен кеншілер мен қауіпті өндірістегі жұмысшыларды сақтандыру мәселелерін қарау. Бұл мәселені кешіктірдік, бірақ қаңтарда бітіреміз. Оған себеп бұл мәселемен тек біздің министрлік қана емес, басқа да ведомстволар айналысады. Қаңтар айының соңына қарай осы мәселе бойынша ұсыныс білдіретін боламыз.
Менің алдымда және министрліктің алдына қойылған барлық тапсырма бойынша жұмысты аяқтап жатырмыз. Оның орындалу барысы туралы тұрғындар мен біздің басшылық пікір айтатын шығар деп ойлаймын. Осы тапсырмаларды орындаған болсам, басшылық тарапынан баға беріледі. Президент пен премьер-министр кіріп-кірмейтінімізді (Үкімет құрамына – ред.) айта жатар.
Ажар Ғиният, Денсаулық сақтау министрі: – Мен жұмысымды істеп жатырмын. Президент "Жалғастыр" десе, істеймін. Мен жұмыс істеуге дайынмын.