Үкімет су тасқынын болжау үшін резервтен 576 миллион теңге бөлді
Бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне арналған.Үкімет су тасқынының алдын алу үшін өзен-сулардағы су деңгейін анықтайтын батиметриялық зерттеулерге 576 миллион теңге бөлді.
Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Ақшаны су ресурстары және ирригация министрлігі алады.
"Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сонымен қатар зерттеулерге бағытталады. Атап айтқанда, осы ақшаны "Қазсушар" компаниясының "Су метрология" филиалына беріп, еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлердегі су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық зерттеу жүргізу көзделіп отыр", – деп хабарлайды Үкімет.
Өзен-сулар биыл да, 2025 жылы да зерттелуі керек. Зерттеудің деректері цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясына беріледі.