Тікелей эфир

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 7393 отбасы жаңа баспаналы болды

5313 баспана сатып алынса, 2080 үй жаңадан бой көтерген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендердің тұрғын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің ресми сайты

Биылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 7393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды, оның ішінде 5313 нысан сатып алынды, 2080 үй салынды.

Инфографика: ҚР премьер-министрінің ресми сайты

Барлық 9147 өтініш берушіге жалпы сомасы 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді. Сонымен қатар 34 247 отбасына 12 627,7 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. 

Бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін 9994 млн теңгеге 21 880 отбасына 150 АЕК-ке дейінгі көлемде қосымша төлем берілді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары