Үкімет "Самұрық-Қазына" қорына Астанадағы жаңа перзентхана құрылысын жүктейді
Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды."Самұрық-Қазына" қоры елордадағы жаңа перзентхана құрылысын қаржыландырады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ заңнамадағы белгіленген тәртіппен 2023 жылы Астана қаласының перинаталдық орталығының құрылысын қаржыландырады. Осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін", – делінген қаулы мәтінінде.
Перинаталдық орталық елорданың Сарыарқа ауданында бой көтереді.
Оқи отырыңыз: СҚО-да 2,5 млрд теңге бөлінген 5 дене шынықтыру кешенінің құрылысы тоқтап қалған
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.