Үкімет "Самұрық-Қазына" қорына Астанадағы жаңа перзентхана құрылысын жүктейді

Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

"Самұрық-Қазына" қоры елордадағы жаңа перзентхана құрылысын қаржыландырады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды. 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ заңнамадағы белгіленген тәртіппен 2023 жылы Астана қаласының перинаталдық орталығының құрылысын қаржыландырады. Осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін", – делінген қаулы мәтінінде. 

Перинаталдық орталық елорданың Сарыарқа ауданында бой көтереді. 


Оқи отырыңыз: СҚО-да 2,5 млрд теңге бөлінген 5 дене шынықтыру кешенінің құрылысы тоқтап қалған


Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз