Парламент мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновамен кездесуінің қорытындысы бойынша Үкіметтің Еңбек кодексіне "Харассмент" ұғымын енгізуге оң қорытынды бергенін хабарлап жазды. 

"Бұл өзгеріс жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам деп санаймын. Жұмыс орнында Жыныстық тиісіп қорлау мәселесі бойынша Еңбек кодексінде нақты баптың болмауы осы фактілер бойынша жауапкершілікті қарастыруға қиындық туғызуда. Бұл мәселені шешу үшін кодекске тиісті түзетулер енгізіледі. Бұл 7-8 ай бойғы осы ұғымды Заңға енгізуге жасаған еңбектің нәтижесі", – деді ол. 


Оқи отырыңыз: Харассмент немесе жыныстық бопсалау. Агрессорды ауыздықтауға қандай заң керек?


Мәжіліс, депутаты, сондай-ақ мемлекеттік алимент қорын құру туралы ұсынысы бойынша Үкімет қорытынды шығаратынын да мәлім етті. 

"Алиментін өндіре алмай жүрген әйелдерге көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік алимент қорын құру қажеттілігі туралы мәселені ақпан айында Үкіметке ұсыныс енгізген едім. Осы ұсыныстың шешімі талқыланды. Бұл қорды құрудың негізгі мақсаты алимент төлемдерін уақтылы ала алмай жүрген аналар мен олардың балаларының құқықтарын қорғауға арналған. Қазан айында Үкімет қарастырып, нақты қорытындысын әзірлейді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.