ҰБТ сертификаты eGov Mobile цифрлық құжаттарының қатарын толықтырды
Сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен кезде ол тізімнен шығарылады.eGov Mobile қосымшасына "Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты" жаңа цифрлық құжаты енгізілді. Сәйкесінші, енді сертификатты eGov Mobile арқылы электронды түрде алуға болады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Бұл жобаны Ғылым және жоғары білім мен Цифрлық даму министрліктері және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірлесіп жүзеге асырды.
ҰТО түсіндіруі бойынша, ҰБТ сертификатын алу үшін:
- Қосымшаға кіріп, басты бетте "Сандық құжаттар" деген бөлімді таңдау;
- Құжаттар тізімін жаңартып, сертификатты алу қажет.
ҰБТ сертификатының мерзімі құжатта жазылған. Егер жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда сертификат сандық құжаттар тізімінде көрсетілмейді.
"Сондай-ақ пайдаланушылардың сертификаты www.app.testcenter.kz сайтындағы Жеке кабинеттерінде және www.certificate.testcenter.kz сайтында қолжетімді", – делінген орталықтың хабарламасында.