Қазақстанда "Ұлттық тестілеу орталығы" қазыналық кәсіпорнын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеме етіп қайта құру жоспарланып отыр. Бұған себеп – Ұлттық экономика министрлігінің қазыналық кәсіпорындарды мемлекеттік мекемеге айналдыру туралы ұсынысы. 

Бұл жағдайда орталық ұлттық бірыңғай тестілеу, Қазтест сынағы, магистратура мен докторантураға кешенді тестілеулерді ақылы түрде жүзеге асыра алмайтын болады. Ал орталықтың 4,044 млрд теңге жалпы кірісінің 1,732 млрд теңгесі немесе 43 пайызы ҰБТ, Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу, Докторантураға түсу емтихандары оның ішінде шет тілі ҚАЗТЕСТ бойынша ақылы қызметтер көрсету, есебінен бюджеттен тыс қаражаттан түседі. Бұл қаражаттың барлығы азаматтардың 300 мыңнан астам жеке тестілеуін қамти отырып, бүкіл ел бойынша тест тапсырмаларын әзірлеуге, жоғарыда аталған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге  байланысты шығыстарды толығымен төлеуге жұмсалады. 

"Орталық мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастырылған жағдайда аталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі болмайды. Осыған байланысты тестілеудің әртүрлі түрлерін өткізу бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді орындау үшін Орталықты қазыналық кәсіпорыннан ШЖҚ РМК-ға ауыстыру қажет", – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің түсіндірме жазбасында. 


Оқи отырыңыз: Қазақ тілінің Қазтест сынағын Информбюро сайтында тапсырып көріңіз