Ішкі істер министрлігі мектеп түлектерін ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ынталандыру мақсатында бірқатар азаматтардың санатына конкурстан тыс оқуға қабылдау мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған ішкі істер министрінің бұйрығының жобасынан белгілі болды.

Атап айтқанда, мұндай басымдық келесі санаттарға беріледі:

  • "Алтын белгі" иегерлері;
  • ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған түлектер;
  • қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары;
  • Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген кандидаттар.

Бұл санаттарға жататын азаматтар дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырмайды және оқуға конкурстан тыс қабылданады.


Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылына 88 мың білім беру гранты бөлінді. Басым бөлігі педагогтерге тиесілі


"Жеңілдіктер ішкі істер органдары қатарына эрудитті полицейлермен кадрларды жинақтау мен үлгерімі үшін оқудан шығарылған курсанттардың санын азайту үшін жасалады" делінген бұйрық жобасының түсіндірме жазбасында.

Ал жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және соңғы үш жылдағы спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурс аясында басымдық беріледі.

Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі – 3 шілдеге дейін.