Бүгінгі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі – білім беру грантының иегері, деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.  

Оның хабарлауынша, ереже бұзған 137 грант иегерінің куәлігі жарамсыз деп танылған.

"Аталған фактілер бойынша ҰТО қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр", – деп жазды Руслан Емелбаев.

ҰТО мәліметінше, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылған.


Оқи отырыңыз: ҰБТ-2022: 139 балл жинаған үш талапкердің нәтижесі жойылды