Anadolu ақпарат агенттігі Түркияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар туралы жаңа мәліметті жария етті. Оған сәйкес, қаза тапқандар саны 12 391-ге жетсе, жарақат алушылар саны 62 914-ті құраған. Бұл мәліметтерді Түркия төтенше жағдайлар басқармасы ұсынды. Әлі дерегі жоқ адамдар саны – 22 277.

Жер сілкінісінен бірқатар елді мекендерде үй мен ғимараттар қираған. Олардың қатарында Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурф, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османия, Хатай, Килис, Малатье мен Элязыг бар.

Фото: Anadolu ақпарат агенттігі

Оқи отырыңыз: Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады