Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі Түркістан қаласында имамдардың білімін жетілдіру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Ислам институтын, осы оқу ордасы ашылады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады

Оның айтуынша, қазіргі таңда имамдардың білімі мен біліктілігін көтерудің маңызы артқан. Бұл – заман талабы. 

"Бұл бағыттағы жұмыстар менің ұдайы назарымда. Имамдарға терең діни білім беру мақсатында Астана қаласынан Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтын ашып, шетелден тәжірибелі ұстаздарды, ғалымдарды арнайы алдырдық. Бұйырса биыл институттың алғашқы түлектеріне диплом табыстап, жауапты діни қызметтерге тағайындаймыз. Осындай игі істердің жалғасы ретінде, Алла қаласа, биыл киелі Түркістан қаласынан оңтүстік аймақтағы имамдардың білімін жетілдіру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Ислам институтын, осы оқу ордасы жанынан "Ижаза" беру орталығын ашамыз. Бұл оңтүстік өңірдегі имамдардың білімін шыңдауға серпін береді", – деді бас мүфти.

Еске салайық, соңғы кезде Қазақстан өңірлеріндегі имамдарға қатысты сын жиі айтылып жүр. 2023 жылы Алматы облысында мешітте баланы ұрып жіберген имам қызметтен босатылды. Ал 2024 жылы масаң күйде көлік жүргізген Қостанай облысының бас имамы 15 тәулікке қамалып, кейін қызметінен шеттетілді. 

ҚМДБ 2024 жылы Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа имамдарды тағайындады. Оның қатарында Қостанай облысы да бар.


Оқи отырыңыз: