Түркістанда полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Chevrolet Monza маркалы автокөлікті басқарған қыз жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтамай, қауіпті маневр жасаған. Соның салдарынан өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген. Оқиғаның видеосы жарияланды.

"Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты жол қозғалысына қауіп төндіру немесе авариялық жағдай туындату және жол белгілерін сақтамау баптары бойынша әкімшілік шара қолданылды. Көлік айыптұраққа қойылды", – делінген хабарламада.

Полиция қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертті.