Түркістан облысының Сауран ауданында дрон арқылы жүргізілген тексеріс кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокурорлардың мәліметінше, Құрсай өзені бойында құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген.

"Тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары мен бірқатар полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, тексеріс нәтижесінде заңсыз жасалған меморандумның күші жойылды.