Түркістан облысында заңсыз құм өндіру ісінен кейін ауыл әкімі жұмыстан босатылуы мүмкін

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Құрсай өзені бойында құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген.

Түркістан облысының Сауран ауданында дрон арқылы жүргізілген тексеріс кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокурорлардың мәліметінше, Құрсай өзені бойында құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген.

"Тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары мен бірқатар полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, тексеріс нәтижесінде заңсыз жасалған меморандумның күші жойылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз