Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

"Шетел азаматын желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұстады", – деп жазылған хабарламада.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сатамын деп жалған интернет-жарнама жасап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.