Түркия астанасы Ыстамбұл қаласында өткен "БАҚ-тағы бірлік және болашаққа көзқарас" түркі тілді елдердің медиа саммиті аясында Түркі тілді ақпарат агенттіктерінің альянсын құру туралы декларацияға қол қойылды.

Декларацияға Қазақстан тарабынан "Қазконтент" медиахолдингінің басқарма төрағасы Бекзат Жүсіпов қол қойды.

Іс-шараға қатысушылар Түркітілдес елдердің жетекші медиа құрылымдарының өзара ақпарат алмасудағы ынтымақтастығы маңыздылығын ерекше атап өтті. Осыған сәйкес, альянс түркі әлемінің ортақ мұрасы мен мәдениетін сақтау мен насихаттауда маңызды рөл атқаратыны сөз болды.


Оқи отырыңыз: Ердоған: Түркі мемлекеттерінің бірлігі үшін тіл мен ортақ әліпбидің маңызы зор