Биыл қазанда Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында өтетін басқосуда түркі әлемі әдебиетінің "Тұран" сыйлығы тағайындалады. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы баспасөз қызметінің хабарламасынан белгілі болды. 

Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов Алматыда Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесуінде осы бастама тағы көтерілген.

"Түркі халықтары бір-бірінің әдебиетін біле бермейді, осы кемшілікті жоюда көптеген жұмыс атқаруымыз керек", – деген Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы бірқатар нақты жобаларды ортаға салды. Соның ішінде түркі әлемі әдебиетінің бас сыйлығы – "Тұран" сыйлығын тағайындау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныстар биыл қазан айында Ашхабадта өтетін түркі мемлекеттері жазушыларының бас қосуында талқыланып, нақты шешімдер қабылданатын болып ұйғарылды", – делінген Жазушылар одағының хабарламасында. 

Еске салайық, мұндай бастама 2023 жылы Өзбекстанда өткен Түркі елдері жазушыларының бірінші басқосуында да айтылған еді. Ол кезде Жазушылар одағын Ұлықбек Есдәулет басқаратын. Ол басқосуда әдеби сыйлықты "Тұран" деп атау ұсынылғанын хабарлаған болатын. 


Оқи отырыңыз: