Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның үздік дәрігерлері алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағымен марапатталды

Абай Байгенжин және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Жаңа атаққа "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры Абай Байгенжин, "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гематология орталығының басшысы Вадим Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Борис Цхай ие болды. 

Сондай-ақ, бірқатар медицина саласының өкілі өзге де мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың қатарында "Отан" орденімен марапатталған Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев бар. 

Алматы қаласы "Persona" халықаралық клиникалық репродуктология орталығының басшысы Вячеслав Локшин І дәрежелі "Барыс" орденіне ие болса, Алматы қаласы "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Зәуреш Аманжолова "Парасат" орденімен марапатталды. 

Республика күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болған Қазақстан азаматтарының тізімін осы жерден оқуға болады.


Оқи отырыңыз: