Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "Трамадол" дәрілік препаратын қолдану туралы үкім шығарды.

Трамадол – апиындық анальгетик, синтетикалық препарат. Бұл дәрі кейбір ауру түрлерін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданылады. Ғалымдар трамадолды шарап, есірткі ретінде қарастырып, оған тыйым салады.

"Трамадол есірткі секілді адамның ақыл-есіне кері әсер етіп, ағзаға зиян келтіретіндіктен, оны дәрігердің нұсқауынсыз пайдалану және сату – харам", – деп жазылған үкімде

Сондықтан трамадолды дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға тыйым салынады. 

Айта кетейік, кей мемлекеттерде трамадол есірткі тізіміне енгізілген.


Оқи отырыңыз: